«Ата жолы» қандастарға қандай мүмкіндік береді

«Ата жолы»  қандастарға қандай мүмкіндік береді
Сурет: ашық дереккөз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов қандастарды елге қайтарудың жаңа әдісі туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Жақында Парламентте Әлеуметтік кодекс талқыланды. Оның аясында елімізде «Ата жолы» картасы берілетін болды. Аталған картаны алған қандастар Қазақстанда 10 жыл тұруға рұқсат алады. Сол арқылы Отанында еңбек етіп, бизнес ашып, тіршілік етуіне мүмкіндік бар. Бұл – шетелдегі қандастарды Отанға қайтарудың бір жолы. Бұл бастаманы қолға аларда шетел тәжірибесін қарастырдық. Әлемнің біраз елінде (АҚШ, Ұлыбритания, БАӘ, Түркия, Жапония, Еуроодақ елдері т.б.) осы секілді мүмкіндіктер бар», – деді Ілияс Испанов ОКҚ-де өткен брифингіде.

Көші-қон комитетінің мәліметінше, шетелдегі отандастарымыз елге оралып, өз кәсібін дөңгелете алады.

«Ата жолы» картасымен елге оралған қандастарға азаматтық беру жағы да қарастырылған. Айта кететін жайт, аталған жоба арқылы келген қандастардың сайлауға қатысуға және сайлануға құқығы жоқ», – дейді ол.