Асқар Мамин: Халықты вакцина алуға ынталандыру керек

Асқар Мамин: Халықты вакцина алуға ынталандыру керек
Сурет: Iz.ru

Сонымен бірге Премьер-Министр Ashyq қосымшасын көбірек енгізу қажеттігін де айтты.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Өздеріңізге белгілі, аймақтағы көршілес мемлекеттерде аурудың өсуі байқалады. Сондықтан қосымша алдын алу шараларын қабылдау қажет. Бірінші кезекте бұл - вакциналаумен қамтуды ұлғайту. Вакциналауды одан әрі кеңейтіп, күн сайынғы қарқынын барынша ұлғайту қажет», - деді Асқар Мамин. Сонымен қатар Үкімет басшысы Ashyq қосымшасын енгізуді ұлғайту керектігін баса айтты.

«Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, халықтың вакцина алуын ынталандыратын пәрменді тәсілдер ойластыру қажет», - деген Премьер-Министр жалпы бақылауды орынбасары Ералы Тоғжановқа жүктеді.