Астанадан шығатын автобустар мен жүк көліктерінің шығуына тыйым салынды

Астанадан шығатын автобустар мен жүк көліктерінің шығуына тыйым салынды
Сурет: ашық дерекөз

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті елордадан шығатын жолдар кей көлік түрлеріне жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Бүгін, 7 желтоқсан күні Астанада аяз күшейді.

Түнгі уақытта ауа температурасы -31, -35 градусқа дейін суытады. 

«Осыған байланысты кешкі сағат 18:00-ден бастап қоғамдық және жүк көліктерінің Астана қаласынан шығатын республикалық маңызы бар барлық жолда жүруіне тыйым салынады» деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.