Оқушылар онлайн оқиды

Оқушылар онлайн оқиды
Сурет: ашық дерекөз

Қатты аяздың болжануына байланысты Ақмола облысының Көкшетау қаласында бірінші ауысымдағы барлық оқушы қашықтан оқуға көшірілді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

«Ауа температурасының -37 градусқа төмендеуіне байланысты 8 желтоқсанда Көкшетау қаласы мектептерінің бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан өткізіледі», –делінген қалалық білім бөлімінің мәліметінде.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті 7-8 желтоқсан күндері өңірде -38 градусқа дейін қатты аяз болатыны туралы SMS хабарлама таратқан болатын.