Астанада керемет чемпионаты басталды

Астанада керемет чемпионаты басталды
Inform.kz

Астанада паралимпиадалық спорт түрі – бочча бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Ірі спорт сайысының ашылуында сөз алған Сенат төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев елімізде инклюзивті спортты дамыту маңызды екенін атап өтті.

«Бүгін мұнда барша Қазақстаннан жас спортшылар, олардың ата-аналары, бапкерлері келіп отыр. Бүгін шынайы спорт мерекесі деп ауыз толтырып айта аламыз. Бұл шара елімізде инклюзивті, кедергісіз ортаны қалыптастыруға үлкен үлес қосады деп сенеміз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды, ерекше қажеттілігі бар балаларды қорғау, қолдау үшін көптеген іс-шаралар іске асып жатыр. Оның ішінде сапалы білім беру, медициналық қызмет, сондай-ақ спортпен айналысуға жағдай жасау бар. Әлі де атқарылатын шаруа аз емес. Бұл тұрғыдан алғанда инклюзивті спортты дамыту маңызды», - деді Мәулен Әшімбаев