«Астана» айласын асырды

«Астана» айласын асырды
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстандық «Астана» және «Тобыл» футболдан Конференция лигасы плей-офф сатысында алғашқы ойындарын өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Елордалық «Астана» өз алаңында Албанияның «Партизани» командасын қабылдады.

Кездесу барысында қазақстандық команда басым болды. Ойынның 41-минутта елордалық клубтан Степан Лончар қарсылас команда қақапшысын қапы қалдырды.

Екінші кезеңде төреші ойыннан тыс қалды деген себеппен «Астананың» үш голын есепке алған жоқ.

Нәтижесінде «Астана» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Тағы бір кездесуде Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында Чехияның «Виктория Пльзень» командасынан жеңіліп қалды.

Кездесу барысында чехиялық клубтан Саду 73 Лукаш Калвах 90-минутта екі гол соқса, оған 99-минутта «Тобыл» сапынан Серж Дебле пенальтиден есеп айырмасын қысқартты.

Осылайша қостанайлық клуб қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді.