БРИКС қатарына тағы алты ел қосылады

БРИКС қатарына тағы алты ел қосылады Сурет: ашық дереккөз

Ұйымға қатысушы елдер Аргентина, Мысыр, Иран, Эфиопия, БАӘ, Сауд Арабиясын БРИКС-тің толық мүшесі болуға шақырды. 


Бүгін өтіп жатқан 15-саммиттің қорытындысы бойынша БРИКС-ке мүше елдер (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка) Йоханнесбург декларациясын қабылдады. Сондай-ақ, 2024 жылдан бастап жаңа алты мемлекет ұйымға мүше болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Йоханнесбург декларациясы әртүрлі мәселелерді қамтиды. Айта кетерлігі, 15-ші БРИКС саммиті пандемиядан кейін алғаш рет офлайн форматта өтіп отыр.



"БРИКС жаһандық қаржылық архитектураның тұрақтылығы мен оны арттырудың жаңа мүмкіндіктерін қарастыруға дайын. Осыған байланысты БРИКС қатысушы мемлекеттер өздерінің қаржы министрлеріне ұлттық валютамен жұмыс істейтін түрлі төлем қаржы құралдары мәселесін қарауды тапсырды. Саммитте адамдар арасындағы байланыстың маңызы және өзара түсіністік, достық пен ынтымақтастықтың артқаны расталды", - деді Оңтүстік Африка Президенті Кирилл Рамапоза.



Сондай-ақ, ұйымға қатысушы елдер Аргентина, Мысыр, Иран, Эфиопия, БАӘ, Сауд Арабиясын БРИКС-тің толық мүшесі болуға шақырды. Олардың мүшелігі 2024 жылдан басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41