Аshyq жобасының жүйеге қатысушыларға қандай пайдасы бар?

Аshyq жобасының жүйеге қатысушыларға қандай пайдасы бар?
Сурет: 24.kz

Маусым айында қаламыздың көптеген бизнес нысандары тұрғындардың КВИ-ге шалдығу көрсеткішінің деңгейін көрсететін Ashyq жүйесіне қосыла бастады.

Бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен «Ashyq жобасының мәселелері» тақырыбында онлайн баспасөз-конференциясында осы жүйе туралы сұрақтарға  Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Салтанат Лесбаева жауап берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Ең басты пайдасы – қауіпсіздік, ауру жұқтырудың қаупін төмендету. Індеттің өршіп тұрғанын бәріміз білеміз. Біраз уақыт қатаң карантиндік шектеу тәртібінде жұмыс істедік. Көптеген бизнес нысандарының жұмысына тыйым салынды. Осы тұрғыдан қарағанда, «Аshyq» жүйесі - жұқтыру қаупін төмендететін қосымша құрал және бизнестің қайта жандануына көмек беретін мүмкіндік. Бұл тек бизнес нысандарына ғана емес, келуші халыққа да пайдалы қосымша, өйткені мұндай жүйеге қосылған нысанға «қызыл», «сары» статустағы адамдардың кіре алмайтынын білесіз, яғни өзіңізді қауіпсіз сезінесіз», - деді спикер.