Ашығу – арықтаудың ең зиянды әдісі

Ашығу – арықтаудың ең зиянды әдісі
Сурет: Justcoolidea.ru

Бұл туралы диетолог Маргарита Королева мәлімдеді.

Маманның айтуынша, ашығу арқылы салмақ тастаудың әсері қысқа мерзімді. Осы әдіспен арықтаған кезде жоғалған килограммдар адам қалыпты тамақтана бастағанда қайтадан қалпына оралады. Сонымен қатар, қалыпты тамақтану режиміне оралған кезде ағзада артық қоқыс пайда болады және артық салмақ қосу қаупі де бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz РЕН-тв сайтына сілтеме жасап.

«Адам өзінің үйреніп қалған сүйікті тағамдарына оралғысы келеді және құрамында көмірсулардың көп мөлшері бар тағамдарға, гликемиялық индексі жоғары тағамдарға артықшылық бере бастайды, ал егер ағзада метаболикалық бұзылулар болса, бұл артық салмақ қосуға ғана емес, сонымен қатар екінші типтегі қант диабетіне де әкелуі мүмкін», - деді Королева.

 Сонымен қатар, ашығу салдарынан  жүрек-қан тамыр, сондай-ақ қатерлі ісік ауруларының даму  қаупі артады. Себебі, май тініндегі артық май қабынуға қарсы компоненттер мен цитокиндердің пайда болу факторы болып табылады. Егер басқа қолайлы факторлар болса, атап айтқанда, адам күйзелген кезде  кортизол жоғары  болса, денеде зиянды процестер басталуы мүмкін.

«Қатерлі ісіктің он екі түрі адам салмағының көбейе түсуінен басталады... Тек бөліп  тамақтанғанда және барлық қажетті компоненттерді: ақуыздарды, майларды, биологиялық белсенді компоненттерді, ферменттерді және организмдегі барлық метаболикалық процестерді сақтау үшін қажет басқа заттарды үнемі қабылдау арқылы біз артық килограмдардан аламыз», - деп қорытындылады дәрігер.