Армиялық авиация өрт сөндіруге қатысты

Армиялық авиация өрт сөндіруге қатысты
Сурет: министрлік

180 тоннадан аса сумен 2500 га жерді жалмаған өртті сөндірді

Семей қаласындағы әуе базасының тікұшақтары Төтенше жағдайлар министрлігінің Шығыс өңірдегі орман өртін сөндіру жөніндегі өңірлік бөлімшелеріне көмек көрсетуге жұмылдырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Биылғы жылғы 7-13 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл, Катонқарағай, Алтай аудандарындағы орман өртін оқшаулау  және өрттің таралуына жол бермеу мақсатында Семей қаласындағы авиациялық базаның Ми-17 екі тікұшағы тартылды.

Бір апта ішінде әскери авиация арнайы су шашатын құрылғыны пайдалана отырып,  180 тоннадан аса сумен 2500 га жерді жалмаған өртті сөндірді.

Өңірдегі жағдай тұрақтанғаннан кейін әскери қызметшілер мен жауынгерлік техника тұрақты орналасу пунктіне оралды.