Арман ЖҮДЕБАЕВ,  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Жаңа Қазақстанды  құруға бар күшімізді саламыз

Арман ЖҮДЕБАЕВ,  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Жаңа Қазақстанды  құруға бар күшімізді саламыз
top.st

Nur Otan партиясының кезектен тыс шақырылған XXII съезінің қорытындысы бойынша, партияның құрылымы, жұмыс жасау тәсілі, ең маңызды тұсы – атауы да өзгерді. 

Партияның атын өзгертіп, «Аманат» деп атау туралы ұсынысты ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов мырза жасады. Президентіміз, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұл ұсынысты қолдады.

Жетекші саяси ұйымның «Аманат» деп өзгеруі бекер болмаса керек-ті. Ұлан-ғайыр жерді, озық дәстүрлерді, көл-көсір рухани қазыналарды бізге аманаттап кеткен қасиетті бабаларымыздың аманатына қиянат жасамай, тәуелсіздігімізді тұғырлы ету, еліміздің жан-жақты қуатты мемлекетке айналуына атсалысу әрбіріміздің борышымыз екені белгілі. Сондықтан жиын қорытындысы бойынша түбегейлі өзгерістерге түскен партияның «Жаңа Қазақстанды» құру үшін белгіленген жаңа міндеттемелерін орындауға бар күшімізді саламыз.

Жаңарған жылдың, жаңа көктемінің алғашқы күнінде жасалған жаңа шешімдер ел игілігіне қызмет ететініне сенемін. Ел болашағы жарқын болсын!