Футбол: Аргентинаны жеңу құрметіне Сауд Арабиясында сәрсенбі демалыс күні болып жарияланды

Футбол: Аргентинаны жеңу құрметіне Сауд Арабиясында сәрсенбі демалыс күні болып жарияланды
Сурет: Ашық дереккөз

Сауд Арабиясы өз тобында үш ұпаймен көш бастады

Аргентинаны жеңу құрметіне Сауд Арабиясында сәрсенбі демалыс күні болып жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сауд Арабиясының королі Сальман бен Абдель Азиз Аль Сауд Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында ұлттық құраманың Аргентинаны жеңгенін тұрғындардың атап өтуі үшін сәрсенбіні демалыс деп жариялау туралы шешім қабылдады.

Сауд Арабиясы С тобындағы алғашқы матчында Лионель Месси бастаған Аргентинаны күтпеген жерден 2:1 есебімен ұтып кеткен болатын. Ал осы топтаға Мексика мен Польша құрамалары 0:0 есебімен тең тарқасты.

Осылайша, Сауд Арабиясы өз тобында үш ұпаймен көш бастады. Олар 26 қараша күні Польшамен, 30-ында Мексикамен жасыл алаңға шығады.

Дания мен Тунис құрамалары тең тарқасты.