Алматыда түнімен қатты жауын жауды

Алматыда түнімен қатты жауын жауды
Сурет: Ашық дереккөз

ТЖД желісі бойынша су басу шағымы тіркелген жоқ

22 қарашадан 23 қарашаға қараған түні қатты жауын-шашын тіркелді: қалада жаңбыр, тауда қар жауды, Шымбұлақта 20 см-ге қар түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қала бойынша барлығы 52 бірлік техника, 27 мотопомп, 2390 дана ыдыс-қап және 104 жұмысшы жұмылдырылды. 

ТЖД желісі бойынша су басу шағымы тіркелген жоқ. Алайда проблемалық учаскелерде әсіресе, Райымбек батыр көшесінен төмен аудандарда арықтардың суға толып кету фактісі болды. Әрбір факт ескеріліп, суды бұру сияқты жедел шаралар қабылданды.