Абзал Малбасқанов : Үнді штамын емдеу хаттамасына өзгеріс енуі мүмкін

Абзал Малбасқанов : Үнді штамын емдеу хаттамасына өзгеріс енуі мүмкін
Сурет: Сf-almaty.kz

«Осы кезге дейін коронавирустың елімізде кездескен түрлерін емдеп келе жатқан хаттаманың саны 10-ға жетті. Дәл қазір осы №10 хаттамамен емдеп жатырмыз».

Бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өтіп жатқан «КВИ жұқтырған адамдарды емдеу және реабилитациялау мәселелері» тақырыбында онлайн-сұхбатта И. Жекенов атындағы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының аға дәрігері Абзал Малбасқанов осылай деді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Бізде негізгі бір хаттама бар, ол әбден зерттеліп, тексерілген, оң әсер берген хаттама. Бірақ енді үнді штамының өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, сол бұрынғы хатамаға өзгерістер енгізуіміз мүмкін», - деді спикер.