Аргентинада өртті сөндірмек болған тікұшақ құлады

Аргентинада өртті сөндірмек болған тікұшақ  құлады
Сурет: 24.kz

Әуе кемесінде болған екі адам ажал құшты

Аймақта осы айдың басында басталған жалын дес бермей тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап

Тілсіз жауды ауыздықтауға 200-ден астам өрт сөндіруші мен авиация тартылған.

Мамандардың жұмысына сағатына 80 шақырым жылдамдықпен соққан күшті жел кедергі келтіруде.

Осы сәтке дейін өрт 4 мыңнан астам гектар жерді жалмаған.

- Сұмдық өрт болып жатыр. Қайдан келіп жатқанын мүлде білмейміз. 4 шақырым жерде бізге қарай тағы басқа от жақындап келе жатқанын естідік. Күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылдық, - деді жергілікті тұрғын Даниел Баеза.