Арал теңізіне 10 000 сексеуіл көшеті отырғызылады

Арал теңізіне 10 000 сексеуіл көшеті отырғызылады
Сурет: интернеттен

Жоба Арал теңізінің экожүйесін қалпына келтіруге атсалысуды көздейді.  

1-3 наурыз күндері Қазақстанда еріктілердің алғашқы экологиялық жобасы басталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Негізгі мақсат – 10 000 сексеуіл көшетін отырғызу.

Жобаны ҚР Экология министрлігі, Қызылорда облысының әкімдігі және халықаралық Аралды қорғау қоры мен AlmaU университетінің мамандары ұйымдастырады.

Неліктен сексеуіл отырғызылады?

Қызылорда облысы аумағының 7 миллион гектар жерін қамтыған жасыл желектің басым бөлігі – сексеуіл. Жобаның басты мақсаты шөлейтті аумақта күй талғамай өсетін ағаш қорын молайту жұмыстарына өз үлесімізді қосу. Бұл топырақтың эрозияға ұшырауын болдырмауға және тұз бен құмның күллі әлем бойынша таралуын тоқтатуға көмектеседі.

Жобаға қатысушыларды не күтеді?

Жобаға қатысушыға жатын орын, үш мезгіл тамақ беріледі және мәдени бағдарламалар, Қорқыт Ата кешеніне зиярат ету, мамандармен әңгімелесу және сексеуіл отырғызу шараларына қатысады.

Қатысушы ретінде тіркелу 27 ақпан күні аяқталады.

Толық ақпаратты университет сайтынан немесе @almau_edu инстаграм парақшасынан білуге болады.