Аптап ыстыққа байланысты демалыс жарияланды

Аптап ыстыққа байланысты демалыс жарияланды
Сурет: Report.az

Мұндай шара Иранда қолға алынған. 

Сәрсенбі-бейсенбі күндері елде демалыс деп жарияланды. Қазір Иранның оңтүстігіндегі қалалар аптап ыстықтан зардап шегуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ахваз шаһарында ауаның температурасы 51 градусқа дейін көтерілген. Ал ел астанасы Тегеранда сынап бағанасы 40 градусқа жақындап қалды. Айта кетсек, осы жазда жер-жерде күн қатты ыстық болып тұр. Ғалымдардың пайымынша бұған климаттық өзгерістер себеп болған.