Елдегі егіннің тек 1 пайызында ғана сақтандыру бар

Елдегі егіннің тек 1 пайызында ғана сақтандыру бар
Сурет: Qaz.mediaworld.kz

 8 өңірде 236 мың гектар жер құрғақшылық қаупінен сақтандырылған, деп хабарлайды Almaty-aksamy.kz.

Мұндай деректі Ауыл шаруашылығы министрлігі келтірген.

Ал Қазақстандағы жалпы егіс алқабының көлемі 23,4 млн гектар. Фермерлер kezekte.kz сайттындағы Agro insurance ақпараттық жүйесінде сақтандыру шарттарын жасай алады. Барлық рәсімдер электрондық платформада жүргізіледі. Бұл қызметті Абай, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарының фермерлері қолдана алады.