Апатты аймақтардағы оқушылар емтихан тапсырмайды

Апатты аймақтардағы оқушылар емтихан тапсырмайды
Сурет: Bilimdinews.kz

Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайға байланысты 53 мектептің 33 мыңнан астам оқушысы қашықтан оқып жатыр.

Оның ішінде Петропавл қаласының 36 мектебі мен Қызылжар ауданының 13 мектебі және 4 облыстық мектептің оқушылары онлайн форматқа ауысқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұдан бөлек, Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының 28 мектебі оқушылардың білім сапасын тексеруден босатылды.

Мереке Амангелдіқызы, Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі: - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің тапсырмасы бойынша су тасқынынан аса зардап шеккен өңірлердегі оқушылар ағымдағы емтихандар мен сынақтардан босатылды. Атап айтқанда, Атырау мен Ақтөбе облысындағы оқушылар үшін БЖБ мен ТЖБ алынып тасталды. 6 өңірде  мониторинг 15 сәуірден 22 сәуірге ауыстырылды.