Антикордың call орталығы 22-26 маусым аралығында жұмыс істемейді

Антикордың call орталығы 22-26 маусым аралығында жұмыс істемейді
Сурет: ашық дереккөз

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің call орталығы техникалық жұмыстарға байланысты төрт күн қоңырау қабылдамайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«22 маусым сағат 22:00-ден 26 маусым сағат 10:00-ге дейін Антикор 1424 Call-орталығында техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты консультация мен өтініш қабылдау қолжетімсіз болатынын хабарлаймыз. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз» деп мәлімдеді агенттіктен.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке былай да жүгіне аласыз:

- аумақтық департаменттер арқылы

- 1424@antikor.gov.kz электронды поштасы арқылы

- eotinish.kz немесе egov.kz (ЭЦҚ қажет) арқылы

- Антикордың Instagram немесе Facebook аккаунттары арқылы.