Ангелина Лукас әлем чемпионы атағын жеңіп алды

Ангелина Лукас әлем чемпионы атағын жеңіп алды
Сурет: instagram.com/angelina_lukas1997

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (5-1, 2 КО) Бакуде (Әзербайжан) кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетіп, пәкістандық спортшыны бірінші раундта нокаутпен жеңді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Ангелина Лукас пәкістандық Рома Юсуфпен (5-0-1, 2 КО) кездесті. Бұл жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтті және сегіз раундқа жоспарланған болатын. Жекпе-жекте Лукас бірінші раундта нокаутпен жеңіп, WIBA әлем титулын иеленді.

Мен бәріңізді қатты жақсы көремін және сіздерге жақсы жаңалық айтқым келеді, біз мұны жасадық! Бүгін мен екінші әлем чемпионы атағын жеңіп алдым және менің мақсатым абсолютті чемпион болу! Алға Қазақстан!, – деп жазды Лукас.

Осылайша, Ангелина Лукас кәсіпқой рингтегі алтыншы жеңісіне қол жеткізіп, WIBA белбеуіне қол жеткізсе, Рома Юсаф спорттық мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Бұған дейін Лукас WBC International және UBO чемпиондық белбеулерін де жеңіп алған болатын.

Жекпе-жектен кейін Лукас Instagram әлеуметтік желісінде қарсыласына жекпе-жек үшін алғысын білдіріп, бірге түскен суретін жариялады.