АМТ мемлекет меншігіне өтеді

АМТ мемлекет меншігіне өтеді
Сурет: gov.kz

Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"АрселорМиттал" АҚ мемлекет меншігіне өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Шахтадағы өрттің салдарынан топтық жазатайым жағдайдың себептеріне жан-жақты тергеу жүргізілетін болады. Сонымен қатар келтірілген залалды бағалау, зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына алғашқы көмек көрсету жөнінде шаралар қабылданады", – деп мәлімдеді үкіметтің баспасөз қызметі.

Премьер-министрдің баспасөз қызметі Үкімет "АрселорМиттал Теміртау" АҚ акционерлерімен алдын ала уағдаластыққа қол жеткізгенін және кәсіпорынның меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталып қалғанын мәлімдеді.