Алматыдағы кейбір автобус маршруттарының сызбасына өзгерістер енгізіледі

Алматыдағы кейбір автобус маршруттарының сызбасына өзгерістер енгізіледі
Сурет: Inbusiness.kz

Бұл - уақытша енгізілетін өзгертулер.

Қаладағы екі автобустың бағыты өзгертіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қажымұқан көшесіндегі тұрғын үй кешенін жылумен жабдықтаудың сыртқы желілері жүргізізіп жатқандықтан, Назарбаев даңғылынан Ескендір көшесіне дейін жолдың жүру бөлігінің толық жабылуына байланысты 2022 жылғы 25 шілдеден бастап мынадай автобус маршруттарының қозғалыс сызбалары уақытша өзгереді:

№ 2 – оңтүстік бағытта – Назарбаев даңғылы – Сәтбаев көшесі – Сейфуллин даңғылы-Алдар көсе көшесі –  Жамақаев көшесі-соңғы пункт «Таулы қырат шағын ауданы». Солтүстік бағытта - соңғы шағын аудан «Таулы қырат – Жамақаев к-сі – әл-Фараби д-лы – Назарбаев д-лы – әрі қарай сызба бойынша;

№ 48 – оңтүстік бағытта  – Достық д-лы – Сәтбаев к-сі – Сейфуллин д-лы –Алдар көсе к-сі – Жамақаев к-сі – соңғы пункт «Таулы қырат» шағын ауданы. Солтүстік бағытта – соңғы пункт «Таулы қырат» шағын ауданы – Жамақаев көшесі- әл-Фараби даңғылы – Назарбаев даңғылы – Жолдасбеков көшесі – Достық даңғылы-әрі қарай сызба бойынша.

«Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және маршрутыңызды алдын ала жоспарлауды өтінеміз», - делінген Алматы қаласы «Көлік холдингі» ЖШС хабарламасында.