Алматыда жоқ пәтерлерді жалға берумен айналысқан екі алаяқ ұсталды

Алматыда жоқ пәтерлерді жалға берумен айналысқан екі алаяқ ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Жалған пәтер тапсырып келгендер ісі әшкереленді

Павлодар қаласының тұрғындары 24 жастағы Б. есімді қыз бен 27 жастағы С.есімді әйел Алматыда жоқ пәтерлерді жалға беріп келген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Polisia.kz хабарлауынша, алаяқтар өздерінің құйтырқы әрекеттерін іске асыру үшін интернетте пәтерді жалға беру туралы жалған хабарландыру жариялаған. 

 «Олар жалдау ақысын төмен қылып, басқа адамдардың жарнамасынан суреттерді қойған. Клиенттермен келіссөздер тек телефон арқылы жүргізілді, олар өздерінің ниеттерінің тазалығына сендіріп, алдын ала төлемді балансқа аударуды ұсынған. Зардап шеккендер ақша жіберген кезде әйелдер бірден жарнаманы алып тастап, ұялы телефондарын өшіріп отырған», – дейді Алматы қалалық ПД қриминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.


Осы іске қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта бірнеше зардап шеккендер анықталды. Алайда олардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін. Күдіктілердің екеуі де бұрын істі болған.