Америкада тұратын қазақ балалары енді ана тілін үйрене алады

Америкада тұратын  қазақ балалары енді  ана тілін үйрене алады
Сурет: Anatili.kazgazeta.kz

АҚШ-та тұңғыш қазақ мектебі ашылды

Білім ошағы Пенсильвания штатының Филадельфия қаласында бой көтерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Енді Америкада туып-өскен өрендер ана тілін үйреніп, қазақ тарихын танып өседі. Домбыра тартып, салт-дәстүрлерімізді де санасына сіңіреді. Білім мекемесінің ережесіне сай, мектепке 6-16 жас аралығындағы бүлдіршіндер мен жасөспірімдер қабылданады екен.

Аталған қазақ мектебінің құрылтайшысы – Пенсильвания штатындағы Kazakh American қауымдастығының президенті Жұлдызай Исмаилова.