Бостандық ауданында бар ауыз су мәселесі қалай шешілетіні айтылды

Бостандық ауданында бар ауыз су мәселесі қалай шешілетіні айтылды
Сурет: Inform.kz

Өзекті мәселе.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданындағы ауыз су мәселесін қалай шешілетіні туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshmy.kz.

«Осы мәселені түбегейлі шешу үшін 2022 жылдың соңына дейін «Ерменсай» су қабылдағышының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу аяқталады және мемлекеттік сараптамадан өтеді (өнімділігі тәулігіне 9 мың текше метр). 2023 жылы су қабылдағыштың құрылысына қаржы бөлу үшін әкімдік ҚР Үкіметіне өтініш жасауға ниетті.  Осы жобаны іске асыру әл-Фараби даңғылынан жоғары тұратын 20 мың халықты сапалы сумен толық қамтамасыз етеді», - деді қала әкімі халықпен өткен кездесу барысында. 

Мамандар әл-Фараби даңғылының оңтүстігін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып отырғанын айтады.   

Бүгінде осы аумақты 5 жеке компания сумен жабдықтайды («Орхан», «Ерменсайводгаз», «Сервис Тау Су», «Ақсу», «Тау Су Қызмет» ЖШС), оның 3-еуі техникалық суды Каскад станциясынан алады.