Амангелді Сейітхановтың кітабы оқырманға жол тартты

Амангелді Сейітхановтың кітабы оқырманға жол тартты
Cурет: Alashainasy.kz

«АЛАШТЫҢ АМАНГЕЛДІСІ»

Аарда туған Амангелді Сейітхановтың 11 мамыр туған күні. Марқұмның көзі тірі болғанда 53 жасқа толар еді. Қазақ спортының қайрағын жоғалтып алғанымызға жылға жуықтапты. Аз ғана ғұмырында артына өшпес із қалдырған Амангелді Сейітхановтың бүгін «Жеңісті күндерде жүздескенше» деп аталатын кітабы оқырманға жол тартты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Хабар-24-ке сілтеме жасап.

«АТАМҰРА» баспасынан жарық көрген кітапта әйгілі спорт комментаторының соңғы жылдардағы әлеуметтік желіде және газет беттерінде жарық көрген көлемді мақалалары топтастырылған. Кітаптың алғашқы тұсаукесері бүгін «Хабар» арнасының таңғы эфирінде болды. Және біртуар ағамыздың рухына арналған "АЛАШТЫҢ АМАНГЕЛДІСІ" атты бейнебаян да көрермен назарына ұсынылды.