«Алтынемел» ұлттық паркінің аумағын қар барысы мекендейді

«Алтынемел» ұлттық паркінің аумағын қар барысы мекендейді
Сурет: 24.kz

Қар барысы фотокамераға түсіп қалды

Алматы облысындағы «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағын қар барысы мекендейтіні анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Осыдан бір ай бұрын қойылған фотокамераға мысық тұқымдас аңның бір тобы түсіп қалған. Ғалымдар мұны ерекше жағдай деп отыр.

Өйткені осыған дейін барыстар теңіз деңгейінен 4000-5000 метр биіктікте ғана тіршілік етеді деген тұжырым болатын. Фототұзақтың көмегімен олардың 1000-1200 метрге дейін түсетіні белгілі болды.