Алтын бағасы шарықтайды

Алтын бағасы шарықтайды
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Citigroup сарапшылары алтын бағасының ағымдағы деңгейден 25 пайызға өсуін болжап отыр, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Олардың айтуынша, өсуге себеп болып отырған Таяу Шығыс пен Шығыс Еуропадағы геосаяси шиеленістің күшеюі және Қытай тұтынушыларының алтынға деген сұранысының артуы

Екінші жартыжылдықта қымбат металдың бағасы 2 500 доллар деңгейінде болады, ал 6-18 айдан кейін унция үшін 3 300 доллар көтерілуі мүмкін. Кейбір сарапшылар қымбат металдың болашағына оптимистік көзқараспен қарайды. Goldman Sachs жыл соңындағы алтын бағасының болжамын бір унция үшін 2 700 долларға дейін көтеріледі деп болжайды.

Инвесторлар алтынды инфляциядан қорғау құралы ретінде қарастырады, сондықтан экономикалық тұрақсыздық кезеңінде ақшаны алтынға салған жақсы нәтиже береді.