Алмазбек Атамбаев сотқа "жедел жәрдеммен" жеткізілді

Алмазбек Атамбаев сотқа "жедел жәрдеммен" жеткізілді
Сурет:File.liga.net

Әскери қызметкерлердің сүйемелдеуімен әкелінді.

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 1 желтоқсанда "жедел жәрдем" көлігімен сотқа жеткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24 kg сілтеме жасап. 

Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Бішкектің Бірінші май аудандық сотына жеткізілді. Ол "жедел жәрдем" көлігімен әскери қызметкерлердің сүйемелдеуімен әкелінді.

Тергеу Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 337-бабы "Қызмет бабын асыра пайдалану" бойынша жүргізілуде.

16 маусымда сот Алмазбек Атамбаевты екі қылмыстық іс бойынша ақтады. Одан кейін түрік азаматтарына заңсыз төлқұжат беріп, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр.