БҰҰ мамандары келер жылы гуманитарлық көмекке жұмсалатын шығын өсетінін айтты

БҰҰ мамандары келер жылы гуманитарлық көмекке жұмсалатын шығын өсетінін айтты
Сурет: Kapital.kz

51 млрд доллар болуы мүмкін.

БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер және төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестірушісі Мартин Гриффитс 2023 жылы шұғыл гуманитарлық мәселелерді шешу үшін рекордтық 51,5 млрд доллар қажет болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.

"Бұл таңқаларлық көрсеткіш. Гуманитарлық көмекке деген сұраныс өте жоғары, биылғы төтенше оқиғалар 2023 жылы да жалғасады", - деді ол.

БҰҰ-ның гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасы 2023 жылы 339 млн адам шұғыл көмекке мұқтаж болады деп есептейді. Сонымен бірге,  гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасы донор елдерді 2023 жылы 68 елде тұратын ең мұқтаж 230 миллион адамға гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат бөлуге шақырды.