Almaty TV жаңа маусымын бастайды

Almaty TV жаңа маусымын бастайды
Almaty.tv

«Almaty» телеарнасы көрермендерге жаңа телемаусымда жаңа бағдарламалар ұсынуға дайын, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Наурызға арнап телеарна жарқын әрі рухты бағдарламалар дайындап отыр. Олардың ішінде «Біржан-Сара ізімен» айтысының жалғасы, «Алматы ән қанатында», көрермен көзайымына айналған музыкалық шоу «Жұлдызды караоке», «Кешкі Алматы» сияқты бағдарламалар бар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген көлемді сұқбатында Наурыз мерекесінің қазақстандықтар үшін қаншалықты маңызды екенін атап көрсетті.

«Наурыз - жаңарудың белгісі, сондықтан оны жаңаша: ерекше бір элементтер енгізіп, мағыналы, креативті түрде тойлау керек. Бұл қоғамның бірігуіне, біздің ұлттық бірегейлігімізді нығайтуға ықпал етеріне сенімдімін», - деген еді ел Президенті.

Көктем мен жаңару мерекесінің құрметіне телеарна бірқатар отандық кино және анимация өнімдерін дайындады. Сонымен қатар, көрермендер үшін сыйлық ұтып алу сияқты көптеген тосынсыйлар бар.