Әлихан Смайылов: «ҚазМұнайГаз», «Эйр Астана» мен «Қазақгаз» IPO-ға шығарылады

Әлихан Смайылов: «ҚазМұнайГаз», «Эйр Астана» мен «Қазақгаз» IPO-ға шығарылады
inform.kz

«Самұрық-Қазына» қоры құрамындағы 40 кәсіпорын жекешелендіріледі, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ірі бизнес өкілдерімен кездесуінде айтты.

«Биыл және келесі жылы "ҚазМұнайГаз", "Эйр-Астана", "Қазақгаз" сияқты компанияларды IPO-ға шығару жоспарланып отыр. Жалпы, осы кезеңде «Самұрық-Қазына» холдингінің шамамен 40 кәсіпорынын жекешелендіру жоспарда бар. Олардың тізімі жақын арада ашық көздерде жарияланады», - деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министрдің айтуына қарағанда, Президент тапсырмасының аясында «Самұрық-Қазына» қорының тиімділігі мен ашықтығын арттыру, отандық бизнесті ұзақ мерзімді оффтейк-келісімшарттар арқылы қолдау шараларын қызметін реформалаудың жолдары әзірленіп жатыр.

«Қор экономиканың басым бағыттағы салаларына мемлекет атынан жұмыс істейтін серіктес ретінде жеке инвестицияларды тартуға ықпал ететін болады», - деді Әлихан Смайылов.