Алматының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Алматының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
vkurse.kz

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова эпидемиологиялық жағдай күрделенуіне және жаңа «омикрон» штамының табылуына байланысты жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Қаулыда бірқатар шектеу бар.

- Ashyq жобасына қатысатын нысандарда 30 адамға дейiн еске алуды қоспағанда, ашық аспан астында да, үй-жайлар ішінде де бұқаралық iс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар және т.б.) өткiзуге және қатысуға тыйым салу;

- қоғамдық орындарға, оның iшiнде қоғамдық көліктерге және қызметiне рұқсат етілген нысандарға барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда (5 жасқа дейiнгi балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдануды қоспағанда) бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану қажет.

- ПТР-сынама оң нәтиже көрсеткенде («қызыл» мәртебе) және науқаспен жақын байланыста болған кезде («сары» мәртебе) - 14 күн бойы өзін оқшаулау режимінде ұстау қажет.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқи аласыз.