Алматының Әуезов ауданында 33 көше жөнделді

Алматының Әуезов ауданында 33 көше жөнделді
Сурет: Мos.ru

Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ауданды абаттандыру саласындағы 2021 жылдың алдын ала қорытындысын шығарды.

Әуезов ауданында жалпы ұзындығы 255 км құрайтын 204 көше бар. Бүгінде олардың барлығы 100% асфальтталған, 90% жағдайы жақсы деп бағаланады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазіргі кезде жол шұңқырларын ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасуда, 21 мың шаршы метр жолдағы ақаулар жойылды.

Жолдардың орташа жөндеуі аяқталып, жалпы ұзындығы 21,5 км болатын 33 көшеге асфальт төселді.  
Сонымен қатар, бүгінде ұзындығы 4 км (100%) 14 учаскеде тротуарларды жайластыру аяқталды.
 
Сайран Сайфеденовтың айтуынша, ауданды абаттандырудың басым мәселелерінің бірі көшені сапалы жарықтандыру болып табылады.

- Биыл аудан аумағында 89 учаске бойынша қосымша 1 166 шам орнатылды, - деді аудан әкімі.

Ол тоғыз көшедегі ескі шамдарды заманауи LED шамдарға ауыстыру жалғасып жатқанын айтты. Қазіргі уақытта 151 жарық нүктесі орнатылған.

Сонымен қатар, Әуезов ауданында аулалар мен қоғамдық кеңістіктер абаттандырылады.
Аудан әкімінің айтуынша, тұрғындар өмір сүру үшін қолайлы және жайлы орта құруға белсенді қатысады, көгалдандыруға көмектеседі. Мысалы, Әуезов ауданында «Бюджетке қатысу» бағдарламасының бүкіл жұмыс кезеңінде тұрғындар 230 ұсыныс берген. Оның ішінде 26 жоба іске асырылды.

Н. Сац атындағы жасөспірімдер театрына іргелес аумақ абаттандырылды, скейт-парк салынды, Togyzkumalak Smart Nation үстелдері орнатылды және 4-ші шағынаудандағы балалар алаңдары жөнделді, - деп нақтылады Сайран Сайфеденов.

Сондай-ақ, биыл қоғамдық кеңістікті абаттандыру аясында тағы 7 жоба жүзеге асырылды: Саин - Жұбанов көпірінің астында және "Тастақ-1" шағынауданында спорт алаңдары, жаяу жүргіншілер аймағы жайластырылды. "Ақсай-3а", 1-ші шағынаудан учаскесі абаттандырылды.

№8 үйдің жанында, Төле би көшесі бойындағы Яссауи мен Момышұлы арасындағы, Яссауи көшесі мен Саин - Шаляпин аумағындағы жаяу жүргіншілер аймағы ретке келтірілді.

Биылғы жылы жоспарланған 99 аула аумағының 89 ауласында абаттандыру жұмыстары аяқталды, қалғандарында жұмыс жүріп жатыр. 
2022 жылға 146 жобалық ұсыныс берілді, оның 46-сы дауыс беруге жіберілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша 23 жоба іске асырылды.