Парижде климатты қорғауға арналған дүниежүзілік фестиваль өтіп жатыр

Парижде климатты қорғауға арналған дүниежүзілік фестиваль өтіп жатыр
сурет: France.platinumclub.ru

Фестивальге танымал әншілер қатысуда.

Франция астанасында климатты қорғауға арналған дүниежүзілік фестиваль басталды. Париждегі Марс алаңында ашылған шараға Элтон Джон, Эд Ширан, Билли Айлиш сынды танымал әншілер қатысып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.
Фестивальді ұйымдастырушылар осылайша ауа райының өзгеруіне назар аударуға шақырды. Сондай-ақ әлемде вакцинаның әділ бөліну мәселесін қозғады. 
Айта кетейік, дәл осындай акция Нью-Йорк, Рио-де-Жанейро, Мумбай және Сидней қалаларында өтіп жатыр.