Қазақстаннан ағаш материалдарын шығаруға тыйым салынды

Қазақстаннан ағаш материалдарын шығаруға тыйым салынды
Сурет: Egemen.kz

Бұйрық 2021 жылғы 7 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі 2021 жылғы 23 қарашада «Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін алты ай мерзімге әкетуге тыйым салу енгізілсін», делінген құжатта.

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407.