Алматының «сары» аймаққа көшуіне байланысты карантин талаптары жеңілдейді

Алматының «сары» аймаққа көшуіне байланысты карантин талаптары жеңілдейді
almaty-akshamy.kz

Алматыда «сары» аймақ нормалары күшіне еніп, 1 қарашадан бастап «қызыл» аймақтың карантин шектеулері алынып тасталды. Бұл туралы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлім етті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Оның айтуынша, Алматы қаласының «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өткеніне жеті күн болды. Осыған орай, карантин шектеулері жеңілдейді. Барлық талап Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері қаулысында көрсетілген.

Аталған қаулыға сәйкес, «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарына сәйкес барлық объектілерінің жұмысына: жұмыс күндері – «Ashyq» жобасына қатысушы барлық объектілер үшін сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 02.00-ге дейін; демалыс күндері – сағат 02.00-ге дейін, қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 02.00-ге дейін рұқсат етіледі.