Алматының жас полицейлеріне алғашқы офицер шені табысталды

Алматының жас полицейлеріне алғашқы офицер шені табысталды
Сурет: Polisia.kz

ҚР ІІМ Алматы академиясында Бауыржан Момышұлы атындағы дәрісханада офицерлік шендерді табыстау рәсімі өтті.

Жас қызметкерлер ҚР ІІМ Алматы академиясының түлектері алдында сөз сөйлеген Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров салтанатты шараны өткізу орны кездейсоқ таңдалмағанын атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының құрметіне ашылған залда салтанатты шараның өтуі полицейлердің өскелең ұрпағы үшін айтулы оқиға болмақ. Біздің қатарымызда олар Отанға деген сүйіспеншілікке, ерлік пен жанқиярлық рухта тәрбиеленеді. “Елім деп езіліп, жұртым деп жұмылып, елге қызмет ет” деген ұлағатты сөздер тәртіп сақшыларының символына айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса береді. Құрметті әріптестер! Сіздерді алғашқы офицерлік шен алуларыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, отбасылық бақыт және жоғары кәсібилік тілеймін», – деді Арыстанғани Заппаров.