Алматының учаскелік инспекторлары 125 мың үйді аралады

Алматының учаскелік инспекторлары 125 мың үйді аралады
Сурет: Polisia.kz

Алматы полициясы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында “қолжетімді полиция” жұмысының жаңа форматына сәйкес кешенді шаралар қабылдауда.

Бұл бағыттағы басым буын – учаскелік полиция инспекторлары.

«Бүгінде учаскелік полиция инспекторлары қылмыстың алдын алудың жалпы жүйесінің негізгі буыны саналады. Негізінде, тек қана солар тұрғындармен тұрақты түрде жеке байланыста болады. Осыған орай, сондай-ақ халықтың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру, полиция мен әкімшілік аумақтарда тұратын азаматтар арасындағы әріптестік қарым-қатынасты құру және дамыту, олардың қызметтік қызметінің тиімділігін арттыру, қылмыстың оңды формасы мен әдістерін тарату мақсатында 1 қараша мен 30 қараша аралығында “Сіздің учаскелік полицей” республикалық науқаны өтіп жатыр», – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Диас Дуанбеков.

Бүгінде учаскелік полиция инспекторлары мобильді және үнемі байланыста. Олар – ПИК, ОСИ және аймақ тұрғындарымен бір чатта, мессенджерлерде. Науқан барысында полиция қызметкерлері әкімшілік аумақта орналасқан әрбір үй мен пәтерлерді аралап, тұрғындарға полиция қызметкері мен учаскелік полиция бөлімшесінің байланыс деректері жазылған өздерінің есімхаттарын таратады. Іс-шара басталғалы 125 мыңға жуық тұрғын үй аумақтарына тексеру жүргізілді, оның ішінде 87300 пәтер және 37200 жеке үй бар. Нәтижесінде жедел қызығушылық танытқан 112 адам, сондай-ақ жалға берілетін 8 мыңға жуық тұрғын үй анықталды.