Алматының Сейфуллин даңғылында көлік жүрісі уақытша шектеледі

Алматының Сейфуллин даңғылында көлік жүрісі уақытша шектеледі
Сурет: Мail.kz

Қалалық мобилділік басқармасы тұрғындарды бағытты алдын ала жоспарлауға шақырды.

Қалалық мобилділік басқармасы тұрғындарды бағытты алдын ала жоспарлауға шақырды.

Жол жөндеу жұмыстарына байланысты 1 қыркүйек пен 3 қыркүйек аралығында Сейфуллин даңғылының кейбір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Сейфуллин даңғылында жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 31 тамыз сағат 23:00 мен 1 қыркүйек сағат 7:00 аралығында Сәтбаев көшесінен Құрманғазы көшесіне дейінгі бөлігінде; 1 қыркүйек сағат 23:00 мен 2 қыркүйек сағат 07:00 Құрманғазы көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейінгі бөлігінде; сондай-ақ 2 қыркүйек сағат 23:00 мен 3 қыркүйек сағат 07:00 аралығында Қабанбай батыр көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейінгі бөлігінде көлік жүрісі толық шектеледі», - делінген басқарманың хабарламасында.

Бұл жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған.

Алматы қалалық мобилділік басқармасы қала тұрғындарынан қолайсыздық үшін кешірім өтініп, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.