Алматының Медеу ауданында ағымдағы жөндеу аясында 23 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеті жаңартылды

Алматының Медеу ауданында ағымдағы жөндеу аясында 23 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеті жаңартылды
Сурет: Aлматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Медеу ауданының әкімдігінде хабарлады. Жұмыс «Самал-3», «Думан-2» шағын аудандарында, сонымен қатар, Достық және Абай даңғылдарында жүргізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қала көркіне көрік қосу үшін магистральдық көшелер бойындағы үйлердің қасбеті боялады. Бұған тарихи үйлер де кіреді.

Қасбетпен бірге, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Медеу ауданында 7 балалар алаңы абаттандырылып, тереңдетіле көмілген (жер асты) үлгідегі 22 қоқыс контейнері орнатылды. 

2023 жылы Медеу ауданында барлығы 107 аула абаттандырылып, 56 тереңдетіле көмілген контейнер орнатылды. 2024 жылы 30-ға жуық үйдің қасбетін жөндеу жоспарланып отыр.