Алматының бас полицейі ПИК және ОСИ төрағаларымен кездесті

Алматының бас полицейі ПИК және ОСИ төрағаларымен кездесті
Сурет: Polisia.kz

Бүгін шаһардың Әуезов ауданында қоғам белсенділерімен сындарлы диалог өтті.

Алматы полициясының бастығы ПИК және ОСИ төрағаларымен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров аудандар бойынша ПИК және ОСИ төрағаларымен кездесу өткізу науқанын бастады.

«Қоғамдық диалог, жариялылық, адамдардың мұң-мұқтаждарына жедел ден қою – барлық мемлекеттік органдардың және бірінші кезекте – полицияның басты басымдықтары. Қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қоғамды тарту деңгейін арттыру кезек күттірмейтін қажеттілік, өйткені азаматтар тұратын жерлерде қылмыс мәселесін тек полиция ғана шеше алмайды. Қазақта жақсы сөз бар «жаяудың шаңы шықпайды – жалғыздың үні шықпайды» деген. Егер бірдеңе жасайтын болсақ, оны тек бірге жасаймыз. Полиция қызметкерлері – сіздердің балаларыңыз, көршілеріңіз, туыстарыңыз. Олар да біздің қоғамның мүшелері. Қоғамның бір мүшесі бола отырып, тәртіп орнататын болсақ, сізде сыртта қалмауыңыз керек», – деді Арыстанғани Заппаров.

ПД-ның басшысы ауданның өзекті мәселелерімен, учаскелік полиция инспекторларының жергілікті жерлерде атқарып жатқан жұмыстарымен тікелей танысып, қауіпсіздікті жақсарту және қылмыстың алдын алу бойынша ұсыныстарды тыңдады.

ПИК төрағалары учаскелік полиция қызметкерлерінің Facebook әлеуметтік желісіне және олардың жалпы үй чаттарына қосылғандарын жоғары бағалады. Олардың айтуларынша, бұл азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюға және оқиғалардан хабардар болуға мүмкіндік береді.