Алматының 8 ауданында 6 мамырға дейін жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізіледі

Алматының 8 ауданында  6 мамырға дейін жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізіледі
Сурет: Inform.kz

Алматы қаласының 8 ауданында 19 сәуір мен 6 мамыр аралығында таңғы сағат 4-тен 7-ге дейін жылу желілері гидравликалық сынақтан өткізіледі.

Бұл туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-нің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындары мен қонақтарына автокөліктерді сынақ өткізілетін жерлердегі тұрақтарға уақытша қоймауға және сақтық шараларын сақтауға шақырды. «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қарамастан, штаттан тыс жағдайлар: судың жер бетіне шығуы, жол жабынының ішінара бұзылуы орын алуы ықтимал. Мұндай жағдайларда өз бетіңізше ешқандай іс-қимыл жасамаңыз, оқиға орнынан дереу кетіп, ол туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-ға 378-06-48 (қосымша 1014), 378-06-62 (қосымша 1013) немесе 109 телефондары арқылы хабарлаңыз»,- деп ескертті компанияда.

Алматыда жылу желілеріне сынақ жүргізу кестесі (көшелер бойынша) төмендегідей:

19 сәуір

Жетісу ауданы: «Айнабұлақ-1,2,3,4» ықшамаудандары, «Көкмайса» ықшамауданы; Алмалы және Жетісу аудандары: Райымбек – Бродский – Рысқұлов – Сейфуллин және Ботаническая көшесіне дейін.

19-20 сәуір

Әуезов ауданы: Ұлықбек – Жандосов – Алтынсарин – Яссауи көшелері.

20 сәуір

Жетісу ауданы: Рысқұлов – Глазунов – Тихий – Жансүгіров көшелері; Ратушный көшесі бойынша, "Құлагер" ықшамауданы.

20-21 сәуір

Әуезов ауданы: Қуанышбаев – Рысқұлбеков – Үлкен Алматы өзені – Сайын көшелері.

21 сәуір

Алмалы ауданы: Шокин – Қарасай батыр – Емцов – Райымбек көшелері.

21-22 сәуір

Алмалы және Жетісу аудандары: Қазыбек би – Шәріпова – Бөгенбай батыр – Мұратбаев – Мақатаев – Сейфуллин – Тобаяқов – Желтоқсан көшелері. Алатау ауданы: Райымбек – Отырар – Рысқұлов – Данченко көшелері.

25-26 сәуір

Алмалы және Медеу аудандары: Сейфуллин – Тобаяқов – Назарбаев –Мәметова – Уалиханов – Әйтеке би көшелері.

26-29 сәуір

Бостандық және Медеу аудандары: «Қазақфильм» ықшамауданы, «Алмагүл» ықшам уданы, «Мирас» ықшамауданы; Сайын – Рысқұлбеков – Розыбақиев – Үлкен Алматы өзені – Өтепов – Басенов көшелері; Лисянский – Розыбақиев – Жароков – Экспериментальная база –Ходжанов – әл-Фараби көшелері; Тайманов – Чайкина – Достық – Мендықұлов – әл-Фараби көшелері; Асқаров – Садықов көшелері.

26 сәуір

Әуезов ауданы: Төле би – Райымбек – Яссауи – Емцов көшелері.

Алмалы ауданы: Қарасай батыр – Гайдар – Райымбек – Масанчи көшелері.

26-27 сәуір

Алмалы, Жетісу және Медеу аудандары: Сейфуллин – Рысқұлов –Жангелдин – Райымбек – Куратов – Гоголь көшелері.

26-28 сәуір

Әуезов ауданы: Абай – Рысқұлов – Ясауи – Үлкен Алматы өзені көшелері.

28 сәуір

Алатау ауданы: Мөнке би – Момышұлы – Райымбек – Оңғарсынова көшелері. Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Қожамқұлов – Тимирязев – Розыбақиев көшелері.

28-29 сәуір

Медеу, Алмалы және Бостандық аудандары: Гоголь – Курганская – Сәтбаев – Чайковский көшелері.

29 сәуір

Наурызбай ауданы: Жуалы – Сәбденов – Алтын орда – Райымбек көшелері.

3 мамыр

Алатау ауданы: Мөнке би – Момышұлы – Оңғарсынова көшелері; «Зерделі» ықшамауданы.

Алмалы және Бостандық аудандары: Қабанбай – Айманов – Жандосов – Варламов көшелері.

3-4 мамыр

Медеу, Алмалы және Бостандық аудандары: Әйтеке би – Панфилов – Шевченко – Байсеитова – Сәтбаев – Есентай өзені.

4 мамыр

Наурызбай ауданы: Проектируемая – Айтбаев – Райымбек – Алтын Алаш көшелері.

4-5 мамыр

Медеу, Алмалы және Бостандық аудандары: Панфилов – Абай – Сейфуллин – Есентай өзені – Гоголь көшелері.

4-6 мамыр

Әуезов, Алмалы және Бостандық аудандары: Төле би – Сәтбаев – Әшімов – Гайдар көшелері.

5 мамыр

Алатау ауданы: «Аққайнар» ықшамауданы; Мамбетов – БАК-тың оңтүстік жағы; Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Байзақов – Өтепов – Розыбақиев көшелері.

«Аталған аумақтардың контурларында тұратын барлық тұтынушылар үшін ыстық сумен жабдықтау толығымен сақталады. Гидравликалық сынақтар қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жылу желілері жабдықтарының жай-күйін тексеру және құбырлардың проблемалы учаскелерін анықтау үшін жүргізіледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз»,- деп хабарлады «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-дан.