Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
Cурет: Ашық дереккөз

Коронавирусқа қарсы вакцинаның толық курсын алған оқушылар штаттық режимде оқиды

Құжатқа сәйкес, спорттық-сауықтыру орталықтарына, моншаларға, сауналарға, бассейндерге «жасыл» мәртебесі бар және вакцинаға медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдарға ғана кіруге рұқсат етілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың әкімшілік персоналы және барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың кеңсе қызметкерлерінің кемінде 70 пайызы қашықтан жұмысқа көшеді.

24 қаңтардан бастап мынадай оқу форматы енгізіледі:

Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардың өтініші бойынша штаттық форматта;

Жалпы білім беретін мектептерде («қызыл» аймақ):

1-4 бастауыш сыныптар - штаттық форматта;

600 оқушыға дейін - штаттық форматта

600-ден аса оқушы болса - жүктеме 50 пайыздан аспайды;

Мектептен тыс ұйымдарда, қосымша білім беру ұйымдарында, түзету кабинеттерінде - штаттық форматта;

Жоғары оқу орындары мен колледждерде - аралас форматта - тәжірибелік, зертханалық, семинарлар, өндірістік тәжірибе штаттық форматта, дәрістер - онлайн.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның толық курсын алған оқушылар штаттық режимде оқиды.

Құжаттың толық мәтінімен мына жерден оқуға болады.