Алматыны "Ақтөбе бояулары" әрледі

Алматыны "Ақтөбе бояулары" әрледі
almaty-akshamy.kz

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Ақтөбе облыстық өнер музейінің қорынан және қала суретшілері шығармаларынан құралған «Ақтөбе бояулары» атты көрмесі ашылды.

Көрмеде 60-қа жуық осы өңір суретшілерінің 100-ден астам кескіндеме, графика және мүсіндік туындылары ұсынылған.  
Көрменің бастауында барлық суретшілер үшін Ақтөбе облыстық өнер музейінің орны үлкен, және өнерсүйер қауыммен арадағы алтын көпір іспеттес қара шаңырақ болып табылады. Ақтөбе облыстық өнер музейі қорында 5000-ға жуық экспонат бар. Онда Қазақстанның атақты суретшілерінің еңбектері, соның ішінде  кескіндеме, графика, мүсін өнері, сәндік-қолданбалы өнер туындылары сақталған. 

Экспозицияда сондай-ақ, көрермен А. Орынғали, Ж. Есенғұлов, Б. Жапар, Л. Беликова, Е. Игнатова, Е. Исмаилов, М. Қожақұлов, Б. Көпжасаров, А. Құбай, Б. Күбекова, Е. Сухотина, Н. Скуратовичтың шығармашылқтарымен таныса алады. Олар халықаралық, республикалық, көрмелерде үздіктер қатарынан көрініп, өз жетістіктерімен  өнер сүйер қауымның ықыласына бөленіп  жүр.

Экспозиция желтоқсан айының 2-не дейін жалғасады.
Көрме жетекшісі – С.Мырзабекова.