Алматылық полицейлер Фурманов шыңын бағындырды

Алматылық полицейлер Фурманов шыңын бағындырды
Сурет: Polisia.kz

Бұл іс-шара Қазақстан полициясы күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған. Еліміздегі полицейлердің кәсіби мерекесі 23 маусымға белгіленген.

Алматы қалалық ПД басшылығы Фурманов шыңын бағындырды, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жексенбі күні шыңға шықты. Шыңды бағындырушылар қатарында Алматы ПД басшылығы, аудандық басқармалар мен полиция бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ департаменттің дербес бөлімшелерінің қызметкерлері болды.

«Шынымды айтсам, бұл біздің қызметкерлердің тауға алғашқы сапары емес. Кәсіби болмаса да, бірақ жоғары сапалы әуесқой деңгейінде болды. Жол оңай болған жоқ, тұман мен жаңбыр да белгілі бір қолайсыздықтарды тудырды. Бірақ, шыңға шыққандардың алдында жалғыз мақсат болды – қашықтықты соңына дейін және барлық құраммен жүріп өту. Шыңға көтерілгеннен кейін Қазақстанның Туы дәстүрлі түрде желбіреді», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Мереке орай ұйымдастырылған бұл шара жастарға патриоттық, адамгершілік және рухани тәрбие тұрғысынан жақсы үлгі болады.