Алматылықтардың 30 пайызы ғана тұрақты спортпен айналысады

Алматылықтардың 30 пайызы ғана тұрақты спортпен айналысады
olympic.kz

Бұл туралы Алматы қаласы әкімі орынбасары А. Қырықбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Алматы Орталық Азия өңірінде спортты дамыту бойынша танымал көшбасшы болып табылады. Қалада Азия ойындары, Дүниежүзілік универсиада, әлем чемпионаттары, Әлем кубогының кезеңдері және т.б. сияқты ірі спорттық іс-шараларды өткізу тәжірибесі бар.

Қалада әртүрлі меншік нысанындағы 3 611 спорт объектілері жұмыс істейді. Спорттың 78 түрі мақсатты түрде дамуда. Дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде (аптасына кемінде 1 рет) айналысатын қала тұрғындарының саны 34% - ды немесе 660 мың адамды құрайды.

Қала дәстүрлі түрде еліміздің жалпы командалық біріншілігінде көш бастап келеді, қала спортшылары Қазақстанның олимпиадалық құрамасы мүшелерінің 30% - ын құрайды.

Сонымен қатар, салада бірқатар проблемалық мәселелер бар.

Бірінші. Объектілердің тапшылығы. Табиғи өсім мен ішкі көші-қон процестерінің есебінен қала халқы жыл сайын артып келеді. Бүгінгі таңда қалада жалпы ауданы 81 500 м2 болатын жабық спорт нысандары болса, 65 000 м2 тапшылық сақталуда;

Екінші. Мәдениет объектілеріндегідей спорттық инфрақұрылымды бөлуде тепе-теңсіздік бар. Мысалы, Алатау, Жетісу, Наурызбай және Түрксіб аудандарында қала халқының 45% - ы тұрады. Бұл ретте оларда футбол алаңдарының тек 30%-ы, бассейндердің 20% - ы, фитнес-залдардың 22%-ы ғана бар.

Үшінші. Жасалған жағдайларға, елдегі үздік инфрақұрылымға, білікті жаттықтырушылардың, нұсқаушылардың жеткіліктілігіне қарамастан, статистика деректері бойынша дене шынықтырумен тұрақты айналыспайтын алматылықтардың үлесі 70% - ға дейін құрайды.

Осы проблемаларды шешу мақсатында Мадрид, Бостон, Лиссабон, Вена, Цюрих, Валенсия сияқты қалалардың халықаралық тәжірибесі зерттелді, олар спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша, қала тұрғындарының дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылық деңгейі бойынша да, яғни халықты салауатты өмір салтына саналы түрде тарту бойынша да көшбасшы болып табылады.

Талдау көрсеткендей, спортты дамыту халықты сауықтыру мен әлеуметтендірудің ғана емес, жалпы экономикалық дамудың қосымша факторы болып табылады.