Алматылықтарды жаңбырлы демалыс күтіп тұр

Алматылықтарды жаңбырлы демалыс күтіп тұр
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Синоптиктер 2024 жылдың наурыз айының соңғы күндеріне ауа райы болжамын ұсынды.

Мамандардың болжамынша, Алматыда жаңбыр жауады деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

29 наурыз: көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Батыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 14-16 градус жылы.

30 наурыз: көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 9-11 градус жылы.

31 наурыз: көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады түнде секундына 3-8 метр, күндіз 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 8-10 градус жылы.