Алматылықтар салынып жатқан нысандар туралы телефон арқылы біле алады

Алматылықтар салынып жатқан нысандар туралы телефон арқылы біле алады
Сурет: Ашық дереккөз

МАҚБ сенім телефонын іске қосты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, сенім телефонының іске қосылуы тұрғындарға заңсыз салынған тұрғын үй кешендеріндегі жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде ақша жоғалту қаупін болдырмау үшін құжаттар пакетінің бар-жоғы бойынша салынып жатқан нысандар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін көрсетілген нөмір бойынша кеңес алуға болады.

МАҚБ сенім телефонын іске қосты: +7 (727) 229-81-36